Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді?
Жаңа жыл мерекесіне байланысты елдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО 2026 жылғы 1–2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтарда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ал 3 қаңтар, сенбі – кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болмақ.
Сондай-ақ 5 және 6 қаңтар – барлық орталықтар үшін жұмыс күндері. Бұл күндері ХҚКО-лар мен арнайы орталықтар сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Кезекші және арнайы ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат – 20:00-ге дейін, ал сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дәурен Аллабергенұлы
Фото: Altainews.kz

