Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Конституция күнін мерекелеуге байланысты 30 тамызда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9.00-ден 18.00-ге аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады.