KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 1 м/с, С
474.71 511.74 5.54

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

29.04.2024, 14:38 346 Ләззат Қанатқызы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған орталықтардың мамыр айында жұмыс тәртібі өзгереді. Өйткені қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

4 мамырда орталық мамандары кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.

10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив