KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
517.66 606.49 6.44

ХҚКО-лар мереке күндері жұмыс істемейді

28.08.2023, 21:36 414 Ләззат Қанатқызы

Елімізде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лары мереке күні, яғни 30 тамызда жұмыс істемейді.

​Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

​ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады.

​Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу