Түркістандық делегация «Алтай» көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты
«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері Шығыс Қазақстанға арнайы іссапармен келіп, өңірде табысты іске асырылған инвестициялық жобаның тәжірибесін зерделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кенді Алтай төріне келген қонақтар өз аймақтарында «Алтай» көтерме-тарату орталығына ұқсас нысанды іске қосуды көздеп отыр. Сапар барысында делегация көкөніс қоймасын, сақтау және сауда алаңдарын аралап, жобаны жүзеге асыру тетіктері жөнінде жан-жақты ақпараттарға қанықты.
Айта кету керек, «Алтай» көтерме-тарату орталығы жобасының жалпы құны 30 млрд теңгеден асады. Оның басты ерекшелігі – орталықта жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері халыққа қолжетімді, төмендетілген бағамен сатылуда.
Бұл нысан ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің заманауи үлгісіне айналды. Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыруға, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға, ірі агрокәсіпорындармен қатар шағын және орта бизнеске, жеке қосалқы шаруашылықтарға қолдау көрсетуге маңызды үлес қосып отыр.
Сонымен қатар «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Түркістаннан келген әріптестеріне жобаны іске асыру және көтерме-тарату орталығын іске қосу бойынша барлық қажетті ақпаратты ұсынды.
Елизавета Седых
Аударған: Дәурен Аллабергенұлы












