KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Алтай» көтерме-тарату орталығы әлеуметтік бағаның тұрақтануына ықпал етеді

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
23.11.2023, 18:40 233 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Осы бағыттағы ауқымды жобаның бірі – «Алтай» көтерме-тарату орталығы. Бірегей нысанның құрылысын «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Алтай» КТО» ЖШС бірлесіп жүргізіп жатыр.

 

Бұл орталық ашылса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы күйде сақтап, ішінара өңдеп, фермерден тұтынушыға делдалсыз сатуға мүмкіндік туады. Қоймаға еліміздің барлық өңірінен өнім жеткізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жуықта Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жобаны жоғары бағалап, бірегей нысанның ішкі нарықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтқан еді.

 

Көтерме-тарату орталығы ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға жол ашады. Сондай-ақ әлеуметтік бағаның тұрақтануына ықпал етіп, қызметтердің кең спектрін және ассортименттің алуан түрін ұсынады.

 

Инвестициялық жоба екі кезеңнен тұрады:

 

1-ші кезеңде салынатын нысандар:

 

- аумағы 19 935 шаршы метр екі көкөніс қоймасы, мұнда 45 мың тонна өнім сақтауға болады;

 

- аумағы 2 195,1 шаршы метр кросс-док;

 

- әкімшілік ғимараттар кешені – 1 617,8 шаршы метр.

 

Бірінші кезеңдегі құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.

 

2 кезеңде салынатын нысандар:

 

- негізгі көтерме-тарату орталығының ғимараты, жалпы аумағы 20 024 шаршы метр;

 

- ет пен балық өнімдерін сату залы;

 

- жеміс, көкөніс сату залы;

 

- сүт, нан өнімдерін сату залы;

 

- 40 адамдық асхана;

 

- 1 тоннаға дейін нан өнімдерін өндіру қуаты бар шағын наубайхана;

 

- күзет бөлмелері;

 

- әкімшілік нысандар;

 

- жүк түсірушілер нысаны;

 

- ветеринарлық сараптама орны;

 

- мал дәрігерінің бөлмесі.

 

- жәрмеңке өткізу аймағы.

 

Бұл негізгі ғимараттардың құрылысы 2023 жылдың 2-ші тоқсанында басталған, енді келер жылдың 2-ші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу