KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
515.03 584.82 6.24

ШҚО-ға жұмыс сапарымен сауда министрі келді

17.02.2023, 09:38 937 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин келді.

Министр облыс орталығында Жібек жолы көшесінің бойында салынып жатқан "Алтай" көтерме-тарату орталығына барып, құрылыс барысын бақылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы бұл жобаның құны — 20 890 193,12 т.т. Құрылыс алаңында көтерме-тарату орталығының негізгі ғимараты, екі көкөніс қоймасы, қонақ үй, кросс-дог және әкімшілік ғимаратының негізі қаланып жатыр.

- Көкөніс қоймасының жалпы ауданы он мың шаршы метрге жуықтайды. Қыс мезгілінде 18 мың, жазда 7 мың тонна көкөніс сақталады. Жалпы бұл орталықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін сақтауға мүмкіндік бар, — деді "Алтай" көтерме-тарату орталығының директоры Жанболат Казанов.

Министр нысанның логистикалық әлеуетін жоғары бағалады. Артынша министр «Магнум» сауда орталығын аралап шықты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу