KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

ШҚО-да О. Бөкей атындағы драматургия байқауының жеңімпаздары анықталды

instagram/bokeykitaphanasy
instagram/bokeykitaphanasy
22.09.2024, 12:00 151 Назерке Каримова

Оған еліміздің әр аймағынан 18–45 жас аралығындағы жазушылар қатысып, бақ сынады.

Жерлес жазушы, журналист, драматург Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқау осымен үшінші мәрте өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқауды Өскемен қаласының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО бөлімшесі және Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды.

Өскемен қаласы әкімінің қолдауымен 2022 жылы Оралхан Бөкей атындағы «Ауыл хикаялары» атты республикалық проза байқауы, 2023 жылы республикалық публицистика байқауы ұйымдастырылды. Ал биылғы байқауды драматургия жанрына арналды.

Байқауға қатысқан Әділ Әуезхан (Өскемен) «Қылбұрау» атты екі бөлімді драма-диалогы үшін, Айдана Имашпаева (Өскемен) «Өмірімнің нұры» драмасы үшін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетінің студенті Айсұлу Әділбек «Армансыздың аһ ұруы» драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің «Алғыс хаты» және «Ынталандыру сыйлығы» - 200 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, алматылық Әлібек Байболдың «Бала. Отбасы. Үшеу» драмасы үшін ІІІ орын (700 000 теңге сертификаты); жазушы, ұстаз, алматылық Айзат Рақыш «Жалғыздық серті» атты драмасы үшін ІІ орын (500 000 теңге сертификаты); керекулік Жантас Еркінұлы Көзімді жұмсам да көрем сені...» драмасы үшін І орын алды (800 000 теңге сертификаты). Ал байқаудың бас жүлдесі Ақтөбеден келген Бақыт Жалиеваның «Марианна» драмасына бұйырды. Оған 1000 000 теңгенің сертификаты мен Оралхан Бөкейдің бейнесі Мұзтауда бедерленген ескерткіш табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу