KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
505.17 599.54 6.59

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың профилактикамен қамтылуын 66%-ға дейін арттырмақ

28.01.2026, 10:00 83 Ержан Әбіш

Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында алдағы бес жыл ішінде балаларды профилактикалық қарап-тексерулермен және патронаж қызметімен қамту деңгейін 50 пайыздан 66 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәлімдеуінше, медициналық инфрақұрылымның тозу деңгейін 42 пайыздан 30 пайызға дейін төмендету көзделген. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, мамандандырылған педиатрияны күшейту, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жаңа медициналық нысандар салуды қамтитын 30 жүйелі іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға, әсіресе ауылдық жерлерде балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда Қазақстан балалардың жағдайы индексі бойынша 0,816 көрсеткішімен әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру клиникалық стандарттарды жаңартуды, балалар бейіні бойынша МӘМС тарифтерін кеңейтуді, сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамытуды да қамтиды.

Министрдің айтуынша, баланың өсуінің барлық кезеңінде жүйелі қолдау көрсету, ерте медициналық араласу және өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру арқылы ауыр жағдайлардың алдын алу басты басымдық болып қала береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу