KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Даниал Ахметов Израильдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

27.05.2021, 12:28 194

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Израиль мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылығы жобаларына қатысты жоспарларды талқылады.

- Біз Израильмен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға ерекше мүдделіміз. Биыл облысымыздан 150-ге жуық маманды шетелдік клиникаларға үш айдан астам мерзімге оқуға және біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отырмыз. Негізгі бағыттар - онкология, кардиология және босандыру. Қаржыландыру аймақтық бағдарлама аясында жүзеге асырылады, - деп атап өтті Даниал Ахметов. 

Ал Лиат Вексельман елшілік тарапынан бұл мамандардың барлығын өздерінде оқыту мүмкіндігін қарастыру және жан-жақты қолдау білдіру бойынша келіссөздер ертең басталатынын жеткізді.

Бұдан басқа, пандемияға байланысты жағдай тұрақталғаннан кейін өңірдің АӨК субъектілері үшін бірлескен бизнес-форум өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив