ШҚО-да Бас прокуратураның «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан облысында Бас прокуратураның "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіні қолданудың салдары туралы ақпараттарды кеңінен тарату мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы облыс прокуратурасымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, қалалар мен аудандарда профилактикалық іс-шаралары мен түсіндіру кездесулерін өткізуде.
«Жобаның мақсаты - есірткінің таралуын азайту», - деп атап өтті ШҚО Прокуратура қызметі.
23 қыркүйектен бастап Самар, Күршім, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай, Үлкен Нарын, Алтай, Катонқарағай аудандарында 300-ден астам жастардың қатысуымен профикалыктикалық кездесулер өтті.
Бұл кездесулерге экономикалық тергеу департаменті мен "Антарес А" ҚҚ өкілдері де қатысып, экономикалық саладағы ықтимал тәуекелдер мен құқық бұзушылықтар туралы түсіндірді.
«Көрнекі жарнама ретінде қолданылатын есірткі маркетплейстерін анықтауға және жоюға ерекше назар аударылуда. Мұндай жазуларды табу және жою бойынша күнделікті рейдтер жүргізіледі. Жарнаманы жасауға қатысқан адамдар жауапқа тартылады. Бұл тыйым салынған заттарға қолжетімділікті азайтуға көмектеседі», - деп қосты ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысатын азаматтар туралы ақпаратыңыз болса, кез келген уақытта "102"арнасына хабарлай аласыздар.
Ақерке Рағызбаева