KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Келер жылы «Кеден» ақпараттық жүйесі іске қосылады

27.09.2024, 16:00 1 136 Ержан Әбіш

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін «Кеден» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тарифтік реттеу басқармасының басшысы Руслан Нұрлыбеков мәлімдеді.

«Кеден» АЖ мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар тауарлар мен көлік құралдарының кедендік декларациялауын жүзеге асыра алады, сондай-ақ жолаушылардың кедендік декларациясын тапсыруға болады. Бұл әсіресе ЕАЭО-ның мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты.

Бұдан басқа, жүйе қосымша мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді, атап өткенде кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету бойынша тіркеу, уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларының тізілімдеріне енгізу және т.б. қызметтер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Кеден» АЖ әзірленуде, жүйені мобильді құрылғыларда іске қосу 2025 жылға жоспарланып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу