KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтеді

pexels.com

Бүгін, 17:00 99 Назерке Каримова

Футболдан жасөспірімдер арасында өтетін турнирге Ақтөбе, Қызылорда, Астана, Түркістанның спортшылары қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футболдан ІІ ашық турнир 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылады.

Турнир 29 қыркүйек (09.00-19.00) пен 04 қазан (09.00-14.00) аралығында өткізіледі. Ашылу салтанаты 29 қыркүйек сағат 08.30-ға жоспарланған. Ойындар "Алтай" стадионында өтеді.

Турнирге Ақтөбе, Қызылорда, Астана, Түркістан және Өскемен қалаларының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатыспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив