Алтай қаласында 16 жастағы қыз үйден қашып кетті

Кеше сағат 11: 00-де Алтай қаласының 35 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, 16 жастағы қызының үйден таңертең сағат 9-дар шамасында кетіп, әлі оралмағанын айтқан.
Анасы кәмелетке толмаған қызының қайда және неге кетіп қалғанынан бейхабар.
Алтай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу «Дабыл» командасы бойынша көтерілді.
- Іздестіру шаралары барысында қолайсыз отбасылар, притон ұстайтын үйлер, сондай-ақ педофильдер, нашақорлар, маскүнемдер, бұрын сотталғандар санатындағы адамдар тексерілді. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің шатырларын, жертөлелерін және қараусыз қалған ғимараттарды қарап шықты. Нәтижесінде бір сағаттың ішінде кәмелетке толмаған қыз табылып, үйіне оралды, -деді ШҚО ПБ бастығы Сағат Мадиев.
Өз кезегінде, анасы полиция қызметкерлеріне бейне-үндеумен ризашылығын білдірді.