KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Өскеменде компания филиалының директорлары 2.8 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

18.07.2022, 10:45 147
Өскемендегі компанияның екі директоры супермаркетті дамытуға арналған 2 800 000 теңге қаражатты иемденген деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл фактіні Өскемен қаласы Сол жағалау полиция бөліміне қаладағы ЖШС-лердің бірінің даму жөніндегі 42 жастағы менеджері хабарлаған. Өтініш білдірушінің айтуынша, компанияның екі директоры супермаркетті дамытуға арналған шамамен 2 800 000 теңге қаражатты ысырап еткен.
- Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде 35 және 32 жастағы  күдіктілер ұсталды, - делінген департамент таратқан ақпаратта. 
ҚР ҚК 189 – бабының 2-бөлігі, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу