KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Басқа аймақтармен бірге ШҚО да жетістіктерге қол жеткізді - Даниал Ахметов

22.03.2022, 18:52 221
Облыс әкімі Даниал Ахметов халықты ұлық мейраммен құттықтады. Өңір басшысы наурыздың көп ұлтты еліміздегі бірлікті нығайта түсетінін айтты. 
- Жаңару мен жаңғыру наурызда басталады. Біз ел бірлігі мен мемлекеттік сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өтеміз. Еліміздің басқа аймақтарымен бірге ШҚО да өңірдің барлық салаларында жетістіктерге қол жеткізді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының құрылатыны жөнінде айтты. Семейліктер бұл жаңалықты наурызға сый деп қабылдады.
- Ұлыстың ұлы күнінде ұлылар мекеніне жақсы жаңалық әкелді. Ел Президентінің бастамасымен Семей аймағында Абай облысы құрылады. Бұл қадам еліміздің рухани орталығы Семей қаласын дамытуға жаңа серпін береді, - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив