Балалар жанжалына араласқан ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото ЖИ көмегімен жасалған
Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты Жаңатас қаласында балалар арасындағы жанжалға араласып, кәмелетке толмаған қызды ұрған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылдың мамыр айында сотталушы М. ойын барысында туындаған жанжал кезінде 2012 жылы туған қыз баланы ұстап, бетінен ұрғаны анықталды. Сот оның кәмелетке толмағанын біле тұра күш қолданғанын атап өтті. Кінәсі тараптардың айғақтары мен сараптама қорытындыларымен дәлелденді.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған. Жәбірленуші тарап та оны кешіретінін білдірді.
Сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.