KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Шығыс Қазақстанның оқушылары робототехника фестивалінде жеңімпаз атанды

Фото: Ұлан ауданы әкімдігі

27.01.2026, 19:00 112 Даурен Аллабергенұлы

Алматыда өткен республикалық «Daryn FIRST Qualifier 2026» робототехника фестивалі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Фестивальдің қорытындысы бойынша Ұлан ауданы Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің «Future Engineers Marsekov» командасы жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрінді.

Осылайша ұландық оқушылар өздері тәлім алатын білім ордасының мәртебесін көтеріп, халықаралық Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды. Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.

Оқушылар робототехника фестивалінде инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттарында білім мен практикалық дағдылары бойынша сынға түсті. Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша ұйымдастырылды.

Әр өңірден келген қатысушылар мәдени мұраны сақтау, тарихи деректерді цифрландыру және археологиялық зерттеулерге арналған инженерлік шешімдер ұсынды.

Қазіргі уақытта «Future Engineers Marsekov» командасы алда өтетін халықаралық жарысқа әзірлікті бастап кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу