KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жойды

11.01.2023, 11:06 452 Ләззат Қанатқызы

Конституциялық сот парламент депутаттарының ұсынысын қарап, Елбасы туралы заңның күшін жою жайлы қаулы шығарды.

Конституциялық сот мәлім еткендей 5 қаңтарда депутаттар тобынан Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші келіп түскен. Сонымен қатар “Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?” деген сауал қойған. 

- 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбас туралы" ҚР Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданлылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоө деп тану қажет, осыған байланысты күші жойылды деп танылуға жатады, - делінген қаулы мәтінінде. 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу