KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
512.32 582.92 6.29

Қостанайда Ресей мен Қазақстан арасындағы XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

8.11.2023, 11:40 387

9 қараша күні, яғни ертең Қостанайда Ресей мен Қазақстан арасындағы XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.
Іс-шараның тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық. Қазіргі уақытта форумға қарқынды дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шара оқушылар сарайында және жақында ғана есігін айқара ашқан смарт-орталықта өтеді.
Заманауи үлгідегі техникамен жабдықталған жаңа ғимаратта балалар  тегін қосымша білім ала алады. Атап айтқанда,  бейне және фотомонтаж, қазақ және ағылшын тілдеріндегі курстар, 3D-модельдеудің компьютерлік сыныбы, 3D-сканерлеу және 3D-басып шығару, физика- техникалық және химия-техникалық зертханалар, бастапқы техникалық модельдеу сыныбы, оқушыларға гидропоника және аквопоника үйретілетін агролаборатория да бар. Шығармашылықпен айналысатын бүлдіршіндер үшін керамика, дизайн, вокал студиялары, авиамодельдеу үйірмелері жабдықталыпты. 
Аталмыш форумды өткізу үшін оқушылар сарайында бірнеше зал дайындалған. Онда Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы, екі елдің бейінді ведомстволары өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтеді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин форум жұмысына Астанадан бейнебайланыс режимінде қатысады. 9 қараша күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері іс-шараға арнайы дайындалған баспасөз орталығында қатысады.
Форум соңында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу