ШҚО-да Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері прокурорларының кездесуі өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері прокурорларының кездесуі өтті, онда ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Байшолақов құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының прокуратуралары арасындағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан тарапының қадағалау органының қызметкерлері бірқатар ұсыныстар, соның ішінде IT-саласындағы тығыз өзара іс-қимыл бойынша енгізді, бұл интернет-алаяқтық пен байланыссыз есірткі сатуға бірлескен күш-жігермен қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Ресейлік әріптестер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, өзара іс-қимылды одан әрі жақсарту бойынша бірқатар қосымша ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар қылмыстық істерді тергеудің оң тәжірибесімен, қылмыстарды анықтау және жолын кесу тәжірибесімен алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің қадағалау ведомстволары бірлескен жұмысты жалғастыруға және қылмысқа қарсы күрес мәселелерінде одан әрі әріптестікті нығайтуға келісті.