Коллектор демалыс күні қоңырау шалса, не істеу керек?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында борышкермен жұмыс ережесін бұзған коллекторға қандай жаза бар екенін айтты.
«Коллекторлар адамға күніне 3 рет қоңырау шала алады. Бірақ аудиосын немесе бейнесін жаза отырып хабарласуы керек. Егер сізге коллектордан демалыс күні қоңырау түссе, бізге хабарлауыңыз қажет. Call-орталыққа хабарласып, ақпаратын бересіз. Біз тексеру жүргіземіз», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Сондай-ақ, ол ереже бұзған коллекторларға қандай шара қолданылатынын айтты.
«Қызметін тоқтауға дейінгі шаралар қолданылады. Әуелі айыппұл жазылады. Одан кейін қызметі толық тоқтатылады», - деді агенттік басшысы.
Оқи отырыңыз