Револьвер, авторучка, оқ-дәрі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
11 маусым күні ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдеріне үйінде атыс қаруын сақтайды деген ер адамға қатысты жедел ақпарат келіп түсті.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 26 жастағы жергілікті тұрғыннан оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер, сондай-ақ автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді.
Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қолдан жасалған қалам- 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша екені анықталды, револьвер 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды болып шықты.
«Аталған азамат бұрын сотталған, қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеу органы одан тыйым салынған заттарды табуға байланысты барлық мән-жайларды анықтайды», - ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанннан бері 28 күн ішінде ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 58-ден астам атыс қаруын, оның ішінде түрлі модификациялы және калибрлі шолақ мылтық, тапаншалар мен ойық мылтықтар алынды.