Семей тұрғынынан мылтық пен карабин тәркіленді
Жарма ауданының криминалдық полиция қызметкерлеріне ЖШС қызметкерінің ойық қаруды заңсыз сақтап жүргені туралы ақпарат келіп түсті.
- Шуақ кентінің жанында орналасқан тұрғын үйдің маңайында орналасқан контейнерді тінту кезінде Семей қаласының 35 жастағы тұрғынынан зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды 5,6 калибрлі бір оқтаулы ойық карабин табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, семейлік тұрғыннан калибрі 12 мм тегіс ұңғылы бес оқтаулы мылтық алынды, ол зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды және де 2 дана оқ-дәрі калибрі 12 мм тегіс ұңғылы атыс қаруының оқ-дәрілері болып табылады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қару ұсталған ер адамға имесілі еместігі анықталды. Тәркіленген заттар «қылмыстық қару» және «Тіркелген қару» базалары бойынша тексерілді. Нәтижесінде қару есепке тіркелмеген. Күдіктінің айтуынша, карабин оған 2007 жылы қайтыс болған марқұм атасынан қалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.