KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Премьер-министр "Өскемен-Қалбатау-Талдықорған" автожол құрылысы туралы не деді?

26.05.2021, 11:25 253

Премьер-Министр ШҚО-ға жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысып, "Өскемен-Талдықорған" бағытындағы автожол құрылысын тексерді.

Бұл ретте Үкімет басшысы құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің және оны уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

- Үкімет басшысына «Талдықорған – Өскемен» (768 км), «Қалбатау – Майқапшағай» (415 км) және «Үшарал – Достық» (180 км) автомобиль жолдарын реконструкциялау барысы туралы баяндалды, - деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, жолды қайта құру жұмыстары 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басталған болатын.Қауіпсіз және үздіксіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін тасжол жол жиегін кеңейте отырып, үшінші техникалық санаттан бірінші және екінші санатқа ауыстырылады.
Құрылыс жұмыстарының басында үш бас мердігер ұйым - "Тодини Централ Азия" ЖШС, "К-Дорстрой" АҚ және "CITIC Construction Co, LTD" жүр. Қазіргі уақытта ұзындығы 268 км жол учаскесінде автокөліктер қатынауда. Қалған жол жөндеу учаскелеріне екі мыңнан астам адам жұмысқа тартылып, 1200-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 8,5 млн м3 жер төсемі, 274 км негізі, 268 км асфальт, сондай-ақ, 200 су өткізу құбырлары мен мал өткелі, 11 көпір мен жол өтпелері салынды.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін Талдықорғаннан Өскеменге дейін жету үшін 7-8 сағат уақыт кетпек. Тасжол Алакөлге апаратын маңызды жолдардың бірі болғандықтан жобаны іске асыру Қазақстанның туристік кластері үшін маңызды.
Бұдан басқа, "Қалбатау – Майқапшағай" автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оған екі мердігерлік ұйым "ҚазГерСтрой" ЖШС және қытайлық "Синьсин" компаниясы тартылған. Жолдың жалпы ұзындығы 415 км. Қазіргі уақытта жолдың 90 км-де қозғалыс ашылды. Жұмысқа 1500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде 66 қытай азаматы. 695 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.
Учаскеде 6,8 млн м3 жер төсемі, 117 км негіз, 90 км асфальт төселді. Сондай-ақ, 100 су өткізу құбыры мен мал өткелі, 4 көпір мен жол өтпесі салынды.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу