KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
516.91 586.33 6.3

Ертістен қырылып қалған балықтар табылды – Өскемен

12.04.2021, 10:30 330

Өскемен тұрғындары Ертіс өзенінде өлі балықтар тауып, ШҚО Экология департаментіне хабарлайды.

Балықтар Samal паркінің ауданындағы Ертіс өзенінің ағысында қырылды. Ведомство мамандары балық шаруашылығы институты, балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар басқармасы және ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп, осы оқиғаны тіркеу үшін өзенге шықты.

"Мамандар балықтарды жинап, биологиялық талдау жүргізді, нәтижесінде сыртқы және ішкі зақым табылған жоқ. Аспаптық талдау үшін су сынамалары алынды, зерттеу үшін балық жиналды", - деп түсіндірді экология ведомствосының өкілдері. 

Су мен балық сынамаларын талдау нәтижелері қосымша хабарланады.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу