KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Қызметтегі махаббат хикаясы: ШҚО-да полиция қызметкері әріптесіне ұсыныс жасады

6.03.2021, 15:52 164

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше оқиға болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өскемен қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметі инспекторы, полиция аға лейтенанты Тұрсынғали Жасұлан өзінің әріптесі, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Маратоваға отбасын құруға ұсыныс жасады. 

Мұның бәрі, Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі 8-наурызда әріптестерін құттықтап, мерекелік бейнеролик түсіру барысында болды. Күтпеген жерден Жасұлан өзінің сүйіктісіне гүл шоғын сыйлап,  өмірлік жары болуға ұсыныс жасады. Әрине, бұл әсерлі сәт бейнеге түсіп қалды.

Ғашық жандар өткен жылдың күзінде, бір уақытта кадрлар бөліміне кезекті еңбек демалысын рәсімдеу үшін келген кезде танысыпты. Сөзден сөз шығып әңгімелері жарасқан екі қызметкердің таныстығы осылай басталып, содан кейін достық шынайы махаббатқа ұласқан. 

WhatsApp Image 2021-03-06 at 10.29.36 (1).jpeg

Әріптестер Жасұлан мен Махаббатты қызмет табыстырғанын айтады. Олардың екеуі де полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарында адал қызмет етеді.

Айта кетейік, ШҚО полиция департаментінде 50-ден астам әулет қызмет етеді. Олардың барлығы полициядағы қызмет табысып, одан әрі бақытты отбасын құрған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив