KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, В
501.02 597.27 6.59

Instagram арқылы 25 адамды алдаған «ипотекалық делдал» сотталды

depositphotos.com

28.01.2026, 19:00 107 Базарова Айгүл

Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бас прокуратура жария еткен тергеу деректеріне сәйкес, ол 2021–2025 жылдар аралығында «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алып беруге көмектесемін, сондай-ақ жиһаз жобасына тиімді инвестиция салуды ұсынамын деген желеумен адамдардың сеніміне кірген. Алайда алынған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап, уәделерін орындамаған.

Алаяқтық әрекеттерден барлығы 25 азамат зардап шеккен. Келтірілген жалпы материалдық шығын 95 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының кінәсін толық мойындауы, кәмелетке толмаған баласының болуы, келтірілген залалдың бір бөлігін өтеуі және жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді. Нәтижесінде оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге сақтықпен қарап, қаржыны сеніп тапсыратын тұлғалар мен ақпарат көздерін мұқият тексеруге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу