Облыс аумағында қалың тұман күтіледі
«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметінше, 29 қаңтар күні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде қалың тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz.
Тұманды күндері көріну қашықтығы төмендеп, жол-көлік оқиғаларының қаупі артады. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, арақашықтықты қадағалау және қажет болған жағдайда жарық шамдарын қосу маңызды.
Ал жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде барынша мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтау, жарақат алу қаупін азайтуға мән беру қажет.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» бірыңғай нөміріне хабарласу ұсынылады.
Оқи отырыңыз