KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

№4 қаулы: Базарлар, сауда және тамақтану орындары жексенбі күндері де жұмыс істейді

19.02.2021, 18:23 178

Жаңа құжатқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап 7 наурызға дейін ұзартылды. Дегенмен бірқатар жеңілдетілген шаралар да қаулы көрсетілген. 

Аталмыш қаулыда мыналар қарастырылған:

Қоғамдық тамақтану объектілері аптаның барлық күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.

Фудкорттарға тек тамақ алып кетуге және жеткізуге рұқсат берілген.

Ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы азық-түлік, азық-түлік емес базарларға жұмыс күндері, сондай-ақ демалыс және мереке күндері қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) қолданыстағы жұмыс режимімен аптаның барлық күндерінде шектеусіз жұмыс істейді. СОО-да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат берілген.

Жексенбі күні азық-түлік, азық-түлік емес базарлар және азық-түлік емес тауарлардың сауда нысандары (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Базарлар мен ауданы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарлар сауда объектілерінде (СОО, СҮ) келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимін сақтауын бақылау үшін объект қызметкерлерінен құралған санитариялық патрульдер жұмыс істейтін болады.

Мәдениет объектілеріне 50 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілген (бұған дейін 30 адам болған).

Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікпен залда отыратын орындар саны 30%-дан асырмай, соның ішінде бір уақытта 100 адамнан аспайтын адам болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сауналар аптаның барлық күндерінде қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істейді (бұған дейін сауналар жұмыс күндері, сенбі және мереке күндері сағат 19.00-ге дейін, жексенбіде қызметін тоқтата отырып жұмыс істеген).

Жұмыс берушілер келушілер мен қызметкерлердің маскалық режимді сақтауын қадағалау қажет.

Айта кетейік, қаулы 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу