KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Демалыс күндері «қызыл аймақтағы» қалаларда қандай нысандар жұмыс істемейді? - ШҚО

22.04.2021, 17:49 77

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 15 сәуірдегі № 5 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулының 16-тармағында сырқаттанушылық деңгейі жоғары («қызыл аймақ») Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, барлық сауда және қызмет көрсету объектілері сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді.

Сондай-ақ, балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынған .

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Ал жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Толық нұсқа: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/159728?lang=kk

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив