KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Базар, кинотеатр, шаштараз...Демалыс күндері Өскеменде қай жерлер жұмыс істемейді?

26.06.2020, 04:55 202

Өскеменнің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Михаил Дерябиннің қаулысымен сенбі және жексенбіде, сондай-ақ мереке күндері жұмыс істемейтін нысандар тізімі жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 27 маусым сағат 00:00-ден 11 шілдеде 00:00-ге дейін сауда нысандарының жұмыс уақыты шектеледі. Ал азық-түлік өнімдерін сататын нысандар – сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік емес өнімді саудалайтын нысандар – сағат 10:00-ден 19: 00-ге дейін жұмыс істейді.

Барлық меншіктегі спорт нысандарының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қысқарады. .

Сонымен сенбі, жексенбі және мереке күндері Өскеменде қандай нысандар жұмыс істемейді?

• азық-түлік емес тауарлар, соның ішінде базарлар

• кинотеатрлар;

• театрлар;

• Сұлулық салоны;

• шаштараздар;

• Техникалық қызмет көрсету стансасы (СТО)

• көлік жуу;

  • қоғамдық моншалар, сауналар және қызмет көрсетуге арналған басқа да нысандар.

Қоғамдық тамақтану орындары жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын сыйымдылықпен жұмыс істейді: ғимарат ішінде - дүйсенбіден жұмаға дейін, ашық алаңда - дүйсенбіден жексенбіге дейін. Ал жаппай адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, кальян және түнгі клубтар да жұмысын тоқтатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив