KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, З
492.14 528.85 5.01

Алтайдың орталық ауруханасында ангиограф іске қосылды

16.02.2021, 16:47 96

Кеше Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды.

Науқастарға арналған скальпельсіз операцияларды дәрігер-интервент Дамир Маратұлы Жүнишанов жүргізеді.

Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия - бұл рентгендік эндоваскулярлық әдісті қолдана отырып, «скальпельсіз» араласудың заманауи түрі, яғни зақымдалған мүшеге тамырлар арқылы қтл жеткізеді. 

Операцияны визуалды бақылау аудандық ауруханадағы жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген.

Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда  жасалады. Операциялардың біріне жергілікті БАҚ журналистері қатысты.

- Егер осылай емделмесе, кез келген инфаркт сөзсіз жүрек бұлшықетінің некрозына және өлімге әкеледі. Қазір бізде стенокардиямен ауыратын 61 жастағы науқас емделуде. Бұл әдіс оның ишемиясы бар-жоғын, буындарының жеткілікті дәрежеде жұмыс атқаратынын тексеруге, тамырлардың тарылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болса, стент орнатылады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері О.Нұркенов.

Мамандарды дайындау үш жылға жуық уақытты алады екен, сондықтан ауданға облыс орталығынан арнайы дәрігер-интервент шақырылды.

-  Наурыз айынан бастап біз бүкіл жылдық көлемді толығымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұндай операциялардың қажеттілігі өте зор, қазір біз тек Алтай тұрғындары үшін операциялар жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ангиограф толық қуатта жұмыс істей бастайды деп сенемін, - деп түсіндірді О.Нұркенов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив