KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Бүгін күннің тұтылуын көруге болады

Фото: egemen.kz

14.10.2023, 10:36 1 230

Газета.ру басылымының дерегінше, жердің тұрғындары 14 қазан күні Күн дискі сақинаға айналғанын көре алады.
Ай Күннің ортасын ғана жабады, Күн толық тұтылмайды. Яғни тұрғындарға «жарқырап тұрған сақина» көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Күннің тұтылуы 14 қазан күні белгілі бір дәліз арқылы өтеді. Ал 23 қазан күні Ай тұтылады.

Астрономиялық құбылысты АҚШ, Орталық Америка, Колумбия мен Бразилия тұрғындары тамашалай алады. Оның басталуы Тынық мұхит айдынынан, аяқталуы Кариб теңізінің акваториясынан көрінеді. Әлемнің ірі обсерваториялары құбылысты тікелей эфирде көрсетеді.

Болжам бойынша, тұтылу уақыты 5 минут 17 секундқа созылады. Бірақ астрономиялық құбылысты көзге ештеңе тақпай бақылау қауіпті екенін ұмытпаған абзал. Қорғаныш қабаты бар оптикалық техника қолданған дұрыс.

Сондай-ақ бұл 2023 жылғы күннің соңғы тұтылуы екенін атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив