Ахмер мектебінде Наурыз мерекесі өтті

Өскемендегі Ахмер орта мектебінде Наурыз мерекесі ұйымдастырылып, тағамдар жәрмеңкесі өтті.
Шараға мектеп ұжымы, әскери қызметкерлер мен оқушылар қатысып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мерекеге орай мектеп алаңында киіз үй құрылып, қолдан жасалған тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы, оқушылар мен әскери қызметкерлерден құралған шығармашылық ұжым өнер көрсетіп, спорт алаңында ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді.
– Ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында ұжыммен бірігіп шара ұйымдастырдық. Бұл жерде киіз үйден бастап, қазақтың салт-дәстүрі, дастарханы, әндері мен қазақша күрес, гір көтеру, өзге де ұлттық ойындарды көрсетіп, қала мектептерінің спортшыларымен бірлесіп, спорт жарыстарын өткізіп отырмыз, – деді мектеп директоры Асқар Қапжапаров.
Оқи отырыңыз