KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, В
442.84 480.97 5

Пасха мерекесіне орай концерттік бағдарлама өтті – Өскемен

17.04.2023, 18:27 242

Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Пасха мерекесіне орай арнайы шара өтті. 
Шара барысында шеберлік сағаттары, көрме мен фотоаймақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Мерекелік бағдарламаны ұйымдастыруға славян этномәдени бірлестігі ұйытқы болған. 
Концерттік бағдарлама басталмас бұрын балалар мен ересектер үшін қызықты шеберлік сағаттары өтіп, келушілер шығармашылық қабілетін сынап көрді. Өзге тарапта «Белая сова» бірлестігінің шеберлері жасаған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі мен ерекше фотоаймақ орналастырылды.  
Концерттік бағдарламада елімізде тұратын түрлі ұлттар пен ұлыстардың ән-биі орындалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив