Домбыра күнінде Өскеменге кімдер келеді?
Өскеменде Ұлттық домбыра күніне орай түрлі іс-шаралар өтпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
7 шілде күні Облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафтық музейде сағат 10.00-ден бастап мерекелік шаралар өтеді;
10:00-12:00 «Алтай фольклор» ансамблінің концерттік бағдарламасы;
11:00 көне ұлттық аспаптар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі;
13:00-14:00 Ұлттық ойындар;
14:00-14:30 «Әлем сазы» тобының ұйымдастыруымен караоке;
15:00 ШҚО шеберлерінің жұмыстарымен көрме және шеберлік сағаты;
14:30-16:30 «Аn.Sal.Dar» тобының концерттік бғдарламасы;
18:00-20:00 Республика алаңында «Қасиетіңнен айналдым, Ұлы домбыра» атты концерттік бағдарлама.
Мерекелік шарада Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, облыс әкімінің симфониялық оркестрі, ШҚО-ның ең үздік әншілері мен күйшілері, сондай-ақ қазақ өнерінің жарық жұлдыздары: «Ұлытау» тобы, Еркін Шүкімән, Айбек Бекбосынов өнер көрсетеді.