KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Мамандандырылған ХҚКО-ның құрылысы не себепті тоқтады? – Өскемен

Фото: Шартты сурет

24.04.2023, 20:39 301

Облыс орталығы болса да, Өскеменде мамандандырылған ХҚКО әлі салынбады. 
Құрылысы 2014 жылы басталған нысан қашан пайдалануға берілетіні белгісіз, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің хабарлауынша, Өскемен – облыс орталықтары арасында автодромы бар ХҚКО салынбаған жалғыз қала. Әлеуметтік маңызға ие нысанның құрылысы 2014 жылы басталып, сол күйі аяқсыз қалған. Қаржы тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылған көрінеді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге аса бастаған. 
Департамент басшысының дерегіне сәйкес, осы жобаға жауапты лауазымды тұлғаға қатысты бюджет қаражатынан 77,9 млн теңге жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сот үкімі бойынша азамат кінәлі деп танылған. Келтірілген шығын мемлекетке толық көлемде өтелген екен. Ал жоба қазір департаменттің бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив