KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Өскемендегі Гематология орталығының құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Шартты сурет

24.04.2023, 21:23 200

Облыс орталығындағы айтарлықтай қаражатты талап ететін ірі жобаның бірі – Гематология орталығының құрылысы. 
Нысанның құрылысы 2020 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының елеулі бөлігі аяқталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Орталықтың құрылысы 2020 жылы маусым айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. 
Қазіргі таңда аяқталған жұмыс көлемі 75%-ды құрап, жұмыс жоспарға сай жүргізіліп келеді. Дерекке сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті орталық құрылысын жіті назарда ұстап отыр. 
Өскемендегі Гематология орталығының жалпы құны 72 млрд теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив