KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Өскеменде өткен жылы аяқсыз қалған 4 аула биыл абаттандырылады

Шартты сурет

2.05.2023, 18:01 230 Ләззат Қанатқызы

Өткен жылы облыс орталығындағы жөндеу жұмыстары аяқталмай қалған төрт аула биыл толықтай абаттандырылмақ. Ол үшін қала бюджетінен қаражат бөлінді.

Бұл туралы Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ағымдағы жылы қаладағы аулаларды абаттандыруға бюджеттен қаражат бөлінді. Өткен жылы 4 аулада жөндеу жұмыстары аяқталмай қалған болатын. Атап айтсақ, Астана көшесі, 34, Әуезов даңғылы, 13, 15, Қазақстан көшесі, 80-90, Қазақстан көшесі, 91-95 мекенжайларындағы аулалар, – деді Александр Светаш.

Ол сондай-ақ жазғы кезеңге дейін қала бойынша 15 субұрқақ кешені жұмыс істейтінін айтты. Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Жақсылық Омар облыс орталығын ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив