KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі екі бау-бақша серіктестігі электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

10.05.2023, 22:18 302 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығындағы екі бау-бақша серіктестігін электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бұл туралы шағын аудан тұрғындарымен кездесу барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары қала басшылығынан электр энергиясын тартуды көптен бері сұрап жүрген болатын.

–  Желілердің құрылысы "Звездный" бау-бақша серіктестігінде басталды. Оның ұзындығы 12 шақырымнан аспақ. Яғни ол 90 үй және 460-тан астам адамды электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді. Электр желілерін тарту жұмыстары келесі жылы аяқталуы керек, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ биыл "Светоч" бау-бақша серіктестігінде желілер құрылысын аяқтау жоспарда бар. Сондай-ақ ол жерге төрт трансформаторлық қосалқы станция орналастырылуы керек. Оның арқасында 400-ден астам үй электрмен жабдықталады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив