KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өскеменге 101 қоғамдық көлік сатып алынды

Фото: Өскемен қаласының Жолаушылар тасымалын басқару орталығы

2.06.2023, 16:22 518

Қазіргі таңда Өскемен қаласында қоғамдық көлік құрамын жаңарту қолға алынған. Осы бағдарлама аясында тасымалдаушыларға 101 көлік сатып алынды.

Алынған автобустар «VoSca» ЖШС, «РОСТ» ЖШС, «Марат-М» ЖШС парктері қызмет көрсететін бағыттар бойынша қатынайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көлік құрамын жаңарту алдағы уақытта да жалғаспақ. Өскемен қаласының Жолаушылар тасымалын басқару орталығының дерегі бойынша, биылғы жылдың соңына дейін тағы 47 техникалық қондырғыны жаңарту жоспарланып отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив