KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Өскемендегі қоқыс полигонынан өрт шықты

Фото: 7kun.kz

12.06.2023, 09:45 264 Ләззат Қанатқызы

11 маусым күні облыс орталығындағы ҚТҚ полигонынан өрт шықты.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін барлығы 18 бірлік техника мен 42 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-дан 8 бірлік техника және жеке құрамның 32 адамы, "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС кәсіпорнынан 6 қызметкер және 6 бірлік техника, "Таза Өскемен" ШЖҚ КМК-дан 2 адам және 2 бірлік техника, сондай-ақ "Өскемен водоканал" ШЖҚ КМК-дан 2 адам, 2 бірлік техника тартылды.

Түнгі сағат 00.01 шамасында 0,1 га алаңды шарпыған қызыл жалын ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив