KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Көшеге Оралхан Бөкейдің атын беру мәселесі көтерілді – Өскемен

Фото: Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

15.06.2023, 16:54 634

Өскемен қаласында Оралхан Бөкейдің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Рәсімге елге танымал ақын-жазушылар мен қала әкімі қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл жазушының туғанына 80 жыл толады. Өскемен қаласында жазушының атында кітапхана бар. Сонымен қатар 2013 жылы қаламгердің құрметіне ескерткіш қойылып, 2021 жылы мүсінге жаңарту жұмыстары жүргізілген. Қала әкімі ескерткіш орналасқан көшеге жазушының атын беру туралы мәселе қозғалғаны туралы айтты.

  "Жаңа композицияның мазмұны мен ерекшелігі сонда – Алтайдың асқақ жазушысы солтүстік-шығысқа, яғни өзінің туып-өскен елі мен жерін бетке алып, қасқая қарап тұрғаны бейнеленген. Ескерткіштен 300 метр жерде Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп орналасқан. Бюст орналасқан осы көшеге қаламгердің атын беру туралы мәселе көтеріліп отыр. Бұл елі мен жеріне еңбегі сіңген тұлғаны ұрпағы ұмытпауы үшін, рухына тағзым ету үшін қажет", – деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар парақшасында.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу