KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскеменде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолға қойылған

13.07.2023, 16:17 316 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр.

Бүгінгі күні Өскемен қаласының аумағында "Фотобейнебелгілеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану" МЖӘ жобасы іске асырылған. Оның аясында көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аулаларда, кіреберістерде көшедегі бейнебақылау камералар орнату жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша диспетчерлік қызметтермен меморандумдар жасалды. Мұндағы негізгі мақсат – қоғамдық көлікте, олардың қозғалыс маршруттарында орналасқан қоғамдық орындарда құқық бұзушылық орын алса, дереу хабар беру болып табылады.

Аумақтық басқару орталығы әртүрлі құқық бұзушылықтар және жедел ден қою туралы ақпаратты уақтылы алу үшін МИБ немесе ЖС қызмет көрсететін үйлердің тұрғындарын қосып, әлеуметтік желіден чат құрды. Ол азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершілігін біртіндеп қалыптастыруға және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қаланың санитарлық жағдайы, абаттандыру, жасыл желектерді қорғау ережелерін сақтау мәселелері бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің "Спортты дамыту орталығы" КММ филиалдары ұсынған ақпараты негізінде иттерді серуендетуге арналған алаңдарды (қала бойынша 18 учаске) орналастырудың алдын ала шекараларының схемасы дайындалды.

Қоғамдық көлікте қалта ұрлығын азайту мақсатында автобус маршруттарының саны көбейтілген болатын. Олар 60, 12, 6, 7, 24, 1, 33, 46, 25, 3 маршруттары бойынша бөлінген. Осы орайда айта кету керек, қалада 2023 жылы тағы 77 автобус сатып алу жоспарланған.

Өскемен қаласының барлық білім беру ұйымдарында жаяу жүргіншілер өткелдеріне белгілер қойылды.

Сонымен қатар "Үлбі" орталығына жөндеу және кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Ұялы телефондары жоқ тұрғындар үшін 5 "SOS" дабыл түймесі орнатылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу