Несие серіктестіктерінің 5-форумы өтті
Фото: Шығыс ақпарат
Аталмыш іс-шарада ортақ құндылықтарды қалыптастыру, несие серіктестіктері арасында кооперативтік қағидаттарды насихаттау, халыққа қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мәселесін шешуге мемлекеттік органдар мен қоғамдастықтың назарын аудару сынды мәселелер талқыланды.
Осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған форумға ел аумағынан екі жүзге жуық несие серіктестіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews Didar ақпаратқа сілтеме жасап.
Жыл сайынғы бұл форум – пікірлестердің кездесуіне, проблемалық мәселелерді талқылауға және оларды шешудің жолдарын қарастыруға, стратегиялық бағыттарды айқындауға арналған алаң.
Бүгінгі таңда несие серіктестігі қауымдастығының алдындағы басты міндеті – серіктестіктердің мүдделерін мемлекеттік, заңнамалық және басқа да деңгейде қорғау, сондай-ақ олардың бұдан әрі дамуына қолдау көрсету. Форум барысында арнайы сөз сөйлеген мамандар заң жүзіндегі мәселелерді талқылап, шет мемлекеттердің осы саладағы ұтқыр шешімдері мен тәжірибелерін талдап, ортаға салды.
Оның айтуынша қазір кредиттік ұйымдардың аздаған қиындықтары бар. Несие ұйымдарының сұранысы толық қанағаттандырылмағандықтан фермерлер мен шағын бизнес өкілдерін қаржыландыруда жетіспеушіліктер орын алатын көрінеді. Оның үстіне, берілетін несиенің пайыздық үстемесі 22%-ға өсіп кеткен. Ал субсидияның уақтылы берілмеуі шаруалардың қолын байлайтын сыңайлы. Ол несиелік серіктестіктердің кезекті форумында аталмыш мәселенің шешімі табылып, тиісті шаралар қолданылады деген үмітпен келгенін айтты.