KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Өскеменде жол апатынан 2 адам зардап шекті

Фото: egemen.kz

31.08.2023, 11:44 7 090 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам зардап шекті.

30 тамыз күні сағат 23.00 шамасында Сәтбаев даңғылының бойында үш көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Toyota Caldina көлігінің 25 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Vista автокөлігімен соқтығысқан. Ал Toyota Vista автокөлігі Chevrolet Niva көлігін соққан. 

  "Toyota Caldina жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды",  деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив