KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде орталық көшелердің дизайн-коды қабылданады

Сурет автордікі

13.10.2023, 12:58 286

Биыл қалада «100 қасбет» жобасы іске асырылып жатыр. Үш жылға жоспарланған жобаның алғашқы жылында 34 ғимараттың қасбеті боялады.

Қаланың орталық көшелерін бір ретке келтіру үшін жылдың аяғына дейін дизайн-код бекітіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазір архитекторлар қаланың орталық көшелері мен негізгі даңғылдарының дизайн-кодын әзірлеп жатыр. Ол қабылданғаннан кейін тұрғын үйлерді де, өзге ғимараттарды да соған сай бояу қажет. Қазір қасбетті бояу үшін, қаланың жоспарына сай келмейтін жарнаманы алып тастау үшін кәсіпкерлерге, яғни ғимараттың иесіне тек өтініш айта аламыз. Ал дизайн-кодты қабылдағанда олар ғимаратты соған сай бояуға міндетті болады. Осы айдың аяғында дизайн-кодтың жобасын бітіреміз. Оған арнайы қаржы бөлінді. Бір-бірімен үйлеспейтін түсті жарнама қаланың сәнін кетіреді. Жылдың аяғына дейін дизайн-кодты қаулы бойынша бекітеміз, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар. –Қалада «100 қасбет» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Биыл 34 үйдің қасбетін бояп бітіреміз. Ал 100 үйдің қасбетін 3 жылда бояп бітіреміз деп жоспарладық. Қазірдің өзінде келесі жылы бояйтын үйлердің тізімін тізіп жатырмыз.

Дерекке сүйенсек, қазір дизайн-кодты әзірлейтін мекемені анықтау үшін конкурс процедурасы жүріп жатыр. Әзірлейтін мекеме алдағы уақытта белгілі болады.

– Дизайн-кодта маңдайшалардың өлшемі, жарнама, қасбеттің түсі, есік пен баспалдақ сынды дүниелер ескеріледі. Жарнама мен маңдайшалардағы қаріптердің өлшемін бір ретке келтіреміз, – дейді қаланың Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Еркін Тұраров.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив