KZ
Өскемен
+33°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Өскеменде Республика күніне арналған қандай шаралар өтеді?

Фото: dknews.kz

17.10.2023, 20:11 279 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде Республика күні бүгіннен бастап мерекеленеді.

Облыс орталығында Республика күніне арналған шаралар легі 17 қазаннан бастап 25 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгін  «Quiz» зияткерлік ойыны өтіп жатыр.

Ал 20 қазанда облыстық драма театрында сағат 15.00-де танымал ғалым, қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит - Ардагер Сыдықназарұлымен кездесу. Өтетін орны: Облыстық драма театры.

Осы күні облыстық драма театрында сағат 18:00-де «Қазақстанның Тарих толқынындағы үзіліссіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда» Қазақ хандығы карталарының көрмесі де өтеді.

21 қазанда сағат 11:00-де «Oskemen TALKS» өткізілмек. Шарадағы спикерлер – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы, «Asar Ume» қайырымдылық қорының менеджері Серік Қамбарбаев, фотограф, тревел-блогер Ержан Нурпейсов.

Сондай-ақ «Ертіс концерт» залында сағат 16:00-де «Айбынды хан батыры – Көкжал Барақ» республикалық ақындар айтысы.

22 қазанда Б.Александров атындағы спорт сарайында сағат 17: 00-де «Torpedo» және «Құлагер» командалары арасындағы #RepublicDayKZ хоккей матчы ұйымдастырылады. Кіру тегін.

23 қазанда сағат 11.00-де «Менің Туым» автошеруі өтеді, Әуезов көшесі, 5 мекенжайынан Тәуелсіздік монументіне дейін аралықты қамтиды.

25 қазан күні сағат 11:00-де «OSKEMEN RUN» – «Қазақстан» тауына жаппай жүгіру. Тіркелу oskemenrun.kz сайты арқылы.

Республика алаңында бұл күні ауқымды мерекелік шаралар өтеді:

Сағат 10.00 – ауылшаруашылық жәрмеңкесі, қала мейрамханаларының қатысуымен Фудкорт, қала тұрғындарының арасында гір спорты, армрестлинг, штанганы көтеру бойынша жарыстар.

Сағат 11.00 – қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «ЖАСА, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты күндізгі концерттік бағдарлама. Бағдарламада танымал «Домино» тобы өнер көрсетеді.

Сағат 18.00 – қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін кешкі концерттік бағдарлама. Кештің жұлдызы – «Qanay».

Сағат 21.00 – отшашу.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив