Оқушылар Республика күнінің тарихымен танысады – Өскемен
25 қазанда елімізде Республика күні атап өтіледі. Айтулы мереке араға 13 жыл салып өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтарылды.
Десе де бұл мерекенің тарихынан көп оқушылардың хабары жоқ екені шындық. Сол себепті Өскемендегі кітапханаларда бірқатар шаралар легі жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– 25 қазан – біздің еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадам жасаған күн. Көпшілік оны Тәуелсіздік күнімен шатастыруы мүмкін. Бірақ олай емес. Президентіміз айтқандай, Республика күнін жаңғырту – маңызды тарихи қадам. Оның міндеті – халқымыздың рухын көтеру және мемлекеттілігімізді нығайту, – деді Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.
Мерекеге орай облыс орталығында да бірқатар салтанатты іс-шаралар жоспарланған. Сондай-ақ 25 қазан күні қаланың орталық алаңында гала-концерт өтіп, мерекеге орай отшашу болады.
#republicdaykz #kzdayrepublic
Оқи отырыңыз